Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: Ауыл тұрғындары не дейді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбе облысында үйлену тойы қарсаңында қара жамылған отбасы үлгілі, ортасына сыйлы еді. Бұл пікірді ауыл тұрғындары жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға Темір ауданы Шұбарши ауылында өткен сенбі күні болған. Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, әуелі 63 жастағы анасы далада тұрған газ құбырына асылып қалған. Бұны тауып алған 28 жастағы ұлыда, сөзге келместен өзіне-өзі пышақ салыпты.

Сол уақытта үй ішінде отағасы және басқа да туысқандары болған. Олар марқұмдарды жер қойнына тапсырды.

Ауыл тұрғындары болған жайтқа әлі күнге сене алар емес. Отбасының жалғыз ұлы жуырда ғана келіншек әкеліп қуантып, енді үйлену тойының қамына кіріскен еді дейді.

"Анасы 63 жаста болатын. Гүлзия марқұм жақсы адам болатын, екі қыз, бір ұл өсіріп, өнегелі отбасын құрды. Ұл өте тәрбиелі. Намаз оқитын. Менің балаларымның досы ғой. 19-қыркүйек той болады деп кәдімгідей дайындалып жүрді. Келіншегін 3 қыркүйекте алып келіп қойды. Енді той істейін деп жатқанда осындай жағдай орын алды", - дейді Шұбарши ауылының тұрғыны Ардақ Құбашева. 

Тәртіп сақшылары қазір қанды оқиғаның себеп, салдарын анықтап жатыр.

"Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Өлімге не себеп болғаны анықталуда", - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874467-jlenu-tojyna-dajyndalyp-zatkan-otbasy-kara-zamyldy-auyl-trgyndary-ne-dejdi/

pixel