RU

Төрт адам қаза тапты, жетеуі емханада: Еліміздің солтүстігінде ауыр жол апаты болды

Telegram logo VKontakte logo

Солтүстік Қазақстан облысында екі жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы CҚО полициясы департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты

Көрнекі фото: pamplona.es

Екі бірдей жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы жетеуі түрлі дене жарақаттарын алған.

Полицейлердің мәліметіне сәйкес, алғашқы қайғылы жағдай Есіл ауданындағы Явленка аудан орталығына кіреберістегі көлік тас жолында сағат тағы онда болған.

Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, «Москвич» жүргізушісі бұрыла бергенде бетпе-бет келе жатқан Volvo жүк көлігіне жол беріп үлгермеген.

Салдарынан үш бірдей көлік соқтығысып қалды. Жол апатынан "Москвич" көлігінің 79 жастағы жүргізушісі мен оның әйелі қаза тапты. Үшінші көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен емханаға жеткізілген.

Тағы бір жол апаты Ұзынжар ауылы Шал Ақын ауданында болды. Онда «УАЗ 452 А» мен КамАЗ көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі жолаушы тіл тартпай кетті. Жүргізуші мен «УАЗ» көлігінің төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен емханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасы Бекмаханов к-сі

Тағы да оқыңыздар

"Телефонмен анасымен сөйлескен": Алматыда 14 жасар баланы көлік қағып кетті (видео)

Бұл фактілер бойынша соталды тергеу жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда Lexus көлігі жеткіншекті қағып өлтіргенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Алматыда Lada мен КамАЗ соқтығысып қалғанын жазған едік. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі жансақтау бөліміне жатқызылғаны белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Төрт адам қаза тапты, жетеуі емханада: Еліміздің солтүстігінде ауыр жол апаты болды