RU

Өткен тәулікте тағы 64 адамнан коронавирус анықталды

тәжвирустан жазылды
Көрнекі фото: 7news.kz

Елімізде коронавирус инфекиясын жұқтырған тағы 64 адам тіркелді деп жазады KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - делінген ресми хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 7

Алматы қаласы - 1

Ақмола облысы - 2

Алматы облысы - 4

Атырау облысы - 8

Шығыс Қазақстан облысы - 18

Жамбыл облысы - 2

Батыс Қазақстан облысы - 4

Қарағанды облысы - 5

Қостанай облысы - 2

Қызылорда облысы - 1

Павлодар облысы - 1

Солтүстік Қазақстан облысы - 6

Түркістан облысы - 3

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 106984.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың екінші толқыны біріншісіне қарағанда ауыр болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Соңғы тәулікте әлем бойынша 308 мыңға жуық адамға COVID-19 диагнозы қойылды. Аурудан қайтыс болғандардың саны 917 мыңнан асқан.

Қазір Еуропаның бірқатар елінде карантин режимі қатаңдай бастады. Ал Қытайда тіпті әскери режим жарияланды. Осыдан-ақ мұнда жағдайдың оңай болмай тұрғанын байқауға болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «күзде індеттен зардап шегетіндердің қатары наурыз бен сәуір кезіндегіден де көп болуы мүмкін» деп болжайды. Сондықтан мамандар әзірге бұл қауіпті аурудан сақтанудың ең басты жолы бетперде кию, жеке гигиена және ара-қашықтықты сақтау екенін ескертеді.

Айта кетейік, бір апта ішінде Алматыда карантин шараларын бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанына айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874485-tken-tulikte-tagy-64-adamnan-koronavirus-anyktaldy.html