RU

Қарағандыда үлкен жүк көлігі 13 қабірді қиратып кеткен

бандао1
Видеодан кадр: ktk.kz

Тәртіп сақшылары жергілікті зиратта оннан астам қабірді бүлдірген Қарағанды ​​қаласының тұрғынын іздеуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Вандализм салдарынан бірден 13 қабір бүлінген. Қабірлер мен құлпытастардың кейбірін басынан бастап жасау керек болады.

Қабірлері "қорланған" марқұмның туыстары адамның мұндай іс-әрекетке баруы не түрткі болғанын түсіне алмай отыр.

"Ұят, әрине, жүрегің ауырады, енді уайымдайсың. Енді адамдарға о дүниеде де тыныштық бермейді. Мұнымен енді не істеуге болатынын да білмеймін. Енді іздеу керек шығар, бәлкім. Үлкен көліктің басып өткенін айтты. Қандай үлкен көлік? Ол нені ойлағанн? Қалай жүрген? Мүмкін мас болған шығар. Қалай басып өтуге болады, біз тіпті елестете де алмаймыз", деді жергілікті тұрғын Махаббат Серікова.

Тәртіп сақшылары да болған оқиғаға алдын ала болжам жасаған. Полицейлердің болжамына сәйкес, зират арқылы өтетін басты жолда үлкен жүк көлігі жүрген.

Бір сәтте ол кептеліп қалып, дөңгелектердің астына қоятын кірпішті қолдануға мәжбүр болды, содан кейін "қақпаннан" шығуға тырысып, жолындағының бәрін жайпай бастаған.

Көргендеріне таң қалған тәртіп сақшылары өздерінің тәжірибесінде вандализм жағдайлары болғанына қарамастан, мұндай нәрсенің бірінші рет болғанын мойындады.

Қазіргі уақытта жүк тасымалы бар барлық жақын орналасқан ұйымдар тексеріліп жатыр.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, Солтүстік Қазақстан облысында екі жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапқанын хабарладық.

Сондай-ақ, бұған дейін Алматыда Lexus көлігі жеткіншекті қағып өлтіргені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874488-karagandyda-lken-zk-kligi-13-kabirdi-kiratyp-ketken.html