RU

Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуында тыңдармандарды тәнті етті

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында тыңдармандарын тағы бір мәрте тәнті етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Данэлия Төлешова

Фото: instagram.com/tuleshova_daneliya

Америкада өткен America’s Got Talent шоуының жартылай финалында өнер көрсеткен Данэлия Төлешова Jessie J есімді британиялық жұлдыздың "Who You Are" атты әнін шырқаған.

Оның ән салған сәтін шоудың ресми Youtube-каналы жария етті. Тыңдармандар әншінің кезекті өнеріне ерекше тәнті болғандарын жасырмады.

Сол арада Данэлия өз Instagram-парақшасында жазба жариялап, табынушыларын оған NBC телеарнасының сайтында дауыс беруге шақырды.

"Сондай бақыттымын, сіздерді қатты жақсы көретінімді және қолдау көрсеткендеріңізге алғысым шексіз екенін айтқым келеді", - деп жазған ол.

Данэлияның ән салған сәтінен видео бір тәулік өтпей жатып 14 мың қаралым мен жүздеген пікір жинап үлгерген. Пікір қалдырушылардың дені - ағылшынтілді тыңдармандар.

"Өмірімде естіген орындаулардың ең үздігі. Сөзім жоқ", "Керемет", "Жеңіске лайық әнші", "Шоудың ең үздік қатысушысы", - деп жарыса пікір қалдырды шетел азаматтары.
Өлі балықтар

Тағы да оқыңыздар

"Бурабайдағы көлдің түбіне үйілген өлі балықтар" ел тұрғындарын шошытты

Бұған дейін Данэлия Төлешованың America's Got Talent шоуының үшінші турына қосымша тыңдаусыз бірден өткен болатын.

Одан бөлек, Данэлия Төлешованың қытайлық шоуда Полина Гагаринамен ән шырқағанын жазған едік. Ол Қытайда өткен Singer байқауының финалында ән айтқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуында тыңдармандарды тәнті етті