RU

Ресейде су мен тамақтан коронавирус табылды

тамақ 65468
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейде тұтынушылардың құқығын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералды қызметі су мен тамақта коронавирус анықталуының 46 жағдайын тіркеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Centralasia.media-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей ғылым академиясы президиумының отырысында ведомство басшысы Анна Попова мәлімдеді.

Суда және тамақта жаңа вирусты анықтау бойынша барлық аймақтарда жүргізілген зерттеулер барысында беттерден алынған 17 оң сынама және 29 басқа оң нәтиже анықталған.

Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқығын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералды қызмет коронавирус инфекциясын анықтау бойынша 40 миллион тест жүргізді.

Соңғы деректерге сәйкес, Ресейде Covid-19 індетін жұқтырғандар саны 1 073 849 адамға жетіп отыр. 18,7 мыңнан астам науқас көз жұмған.

Ал Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекиясын жұқтырған тағы 64 адам тіркелді.

Жалпы республика бойынша Covid-19 індетін жұқтырғандар саны 106 984 адамға жетіп отыр.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың екінші толқыны біріншісіне қарағанда ауыр болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Соңғы тәулікте әлем бойынша 308 мыңға жуық адамға COVID-19 диагнозы қойылды. Аурудан қайтыс болғандардың саны 917 мыңнан асқан.

Қазір Еуропаның бірқатар елінде карантин режимі қатаңдай бастады. Ал Қытайда тіпті әскери режим жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874514-resejde-su-men-tamaktan-koronavirus-tabyldy.html