Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда кішкентай қызды құтқарған ер адам мүгедек болып қалды

Опубликовано:

Мүгедек арбада отыр
Көрнекі фото: 1001.ru

Көкшетауда 5 жастағы қызды құтқарған ер адам мүгедек болып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Николай Панюшкин осыдан төрт жыл бұрын болған оқиғаны еске алды. Ол көлігін тұраққа қойып жатқан кезде терезеде ілініп қалған баланы көрген. Ер адам кішкентай қызды құтқарыпты.

"Бесінші қабатқа көтеріліп, әжесінен: "Немереңіз қайда?" деп сұрадық. Олар: "үйде" деп жауап берді. Біз баланың терезеден құлап кеткенін айттық. Кейін қыздың анасы келді", - дейді Панюшкин.

Кішкентай Дана аман қалған. Ал Николай төсек тартып жатыр. Баланы құтқарған кезде омыртқасына қатты зақым келді. Ал қыздың ата-анасы көмек көрсетпепті.

Пәтер иелері кооперативінің төрағасы Рауза Көкенова олар ер адамға алғыс та айтпағанын ашып айтты.

"Кешірім де сұраған жоқ, алғыс та айтқан жоқ. Ал ер азамат қиналып жатыр. Мүгедек болып қалды, үш ота жасалды. Қыздың отбасы бұл үйден көшіп кетті", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде Ұлттық ұлан қызметкерінің бойжеткенді сексуалдық зорлықтан құтқарғаны БАҚ беттерінде жазылған болатын.

Кейінірек 6655-әскери бөлімінің әскери қызметкері, ефрейтор Андрей Петровқа Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығымен "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалі табыс етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874532-kksetauda-kiskentaj-kyzdy-ktkargan-er-adam-mgedek-bolyp-kaldy/

pixel