Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп: Коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын болуына апталар қалды

Опубликовано:

Трамп 6546
Фото: РИА Новости / Сергей Гунеев

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус инфекциясына қарсы америкалық вакцинаның дайын болуына апталар қалғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Centralasia.media-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы мемлекет басшысы ABC телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті.

"Вакцинаның дайын болуына апталар қалды. Мүмкін үш-төрт апта шығар", – деді Дональд Трамп.

Айта кетейік, АҚШ президенті сейсенбі күні ABC News телеарнасы ұйымдастырған бағдарламада сайлаушыларың сұрақтарына жауап берген болатын.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының екінші толқыны алғашқысынан да ауыр болуы ықтимал екенін болжаған еді.

Соңғы тәулікте әлем бойынша 308 мыңға жуық адамға COVID-19 диагнозы қойылды. Аурудан қайтыс болғандардың саны 917 мыңнан асты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "коронавирус індетінің екінші толқыны алғашқысынан да ауыр болуы ықтимал" дейді.

Қазір көптеген ел шектеу шараларын күшейтіп, карантинді қайта енгізе бастады. Ал аурулар саны азайған өңірлерде керісінше, мектептер мен балабақшылар ашылып жатыр. Қазір Еуропаның бірқатар елінде карантин режимі қатаңдай бастады. Ал Қытайда тіпті әскери режим жарияланды. Осыдан-ақ мұнда жағдайдың оңай болмай тұрғанын байқауға болады.

Ал Ресейдің тұтынушылардың құқығын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералды қызметі су мен тамақта коронавирус анықталуының 46 жағдайын тіркегені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874533-tramp-koronaviruska-karsy-vakcinany-dajyn-boluyna-aptalar-kaldy/

pixel