RU

Ақтөбеліктер тегін сәбізге бола полицейлермен дауласып қалды

5489651
Видеодан кадр: КТК

Ақтөбе тұрғындары жергілікті фермердің егіс алқабына төккен тегін сәбізін теріп алу үшін қолдарына қап ұстап келген. Адамдардың мұншама көп жиналатынын күтпеген көкөністердің иесі құқық қорғау органдарына жүгініпті. Сөйтіп тәртіп сақшылары адамдарға сәбіз жинауға кедергі келтірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның сюжетінде айтылғандай, фермер өзінің егіс алқабына тонналап сәбіз төккен. Шіри бастаған көкөністерге жергілікті тұрғындар қызығушылық танытып, жинап алмақ болған. Алайда, оларға полиция қызметкерлері тосқауыл болды. Олар оқиға орнына келіп, трактормен сәбізді көміп тастаған.

Тәртіп сақшыларының бұл әрекеті адамдардың ашуын туғызды.

"Адамдар тегін теріп алсын деп алқапқа лақтырып тастаған. Ешкімге керек емес. Полицейлер келіп трактормен сәбізді жерге көме бастады. Адамдарға қалмасын деп істеп отыр", – дейді ақтөбеліктер.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары оқиға орнына шөптің жанында адамдар темекі шегіп отыр деген шағымға байланысты барған. Егістік қожайынының бұйрығымен олар шіріген көкөністерді жерге көмген. Белгілі болғандай, ол сәбіздерді жою үшін алқапқа түсірген екен.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, бұған дейін полиция қызметкерлерінің Атырау облысындағы фермердің өліміне қатысты екінші күдіктіні ұстағаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары Құлсарыдағы фермердің өліміне қатысты екінші күдікті – 53 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Еске сала кетсек, 6 қыркүйек күні 47 жастағы шаруа қожалығының жетекшісі Нұралы Нұртілеуов мотоциклға мініп, жоғалған жылқыларын іздеу үшін ен далаға кеткен. Содан бері хабарға шықпаған.

Ал 14 қыркүйек күні таңертең зорлық-зомбылық белгілерімен фермердің денесі табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874544-aktbelikter-tegin-sbizge-bola-policejlermen-daulasyp-kaldy.html