Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оңай емес": Ерлі-зайыпты полицейлер махаббат хикаясын айтып берді

Опубликовано:

Фото
Фото: Ерлан мен Айдынның жеке мұрағаты

2009 жылы шаңырақ көтерген учаскелік полиция инспекторы Ерлан Сырлыбаев пен ювеналды полиция инспекторы Айдын Абдуллаева бұл күнде екі қыз, бір ұл өсіріп отыр. Еңбек өтілі мен өмір жолдары астасқан жұп бір салада қызмет етудің артықшылығы, отбасылық ғұмырдың қызығы мен қиындығы туралы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Отыз жастағы Айдын осыдан 13 жыл бұрын өзінің болашақ жарымен оқуға түскен кезде танысыпты. Екеуі де Түркістан облысының тумасы.

"Мектепті бітірген соң Шымкент қаласындағы заң колледжіне оқуға түстім. Екеуміз сол жерде таныстық. Ол кісі менен жеті жас үлкен, оқуға түскенге дейін стоматолог болып жұмыс істеген. Екінші мамандық алу үшін колледжге құжат тапсырған. Енді міне, оқуды бітіріп, 11 жылдан бері бірге жұмыс істеп келе жатырмыз", - дейді Айдын Абдуллаева.

Екі жас 2009 жылы тамызда оқуды бітіріп, қазан айында тойлары болады.

Отау құрған Ерлан мен Айдын жоғары оқу орнына бірге құжат тапсырып, қатар жүріп білім алуды жалғастырады.

Фото
Фото: Ерлан мен Айдынның жеке мұрағаты

Ерлан Сырлыбаевтың сөзінше, ол бала күнінен полицей болуды армандаған. Он жылдан астам ішкі істер органдарында қызмет етіп, қазіргі уақытта полиция майоры.

"Жұбайым өзіммен қатар полицияда қызмет етеді. Оның бұл салада жұмыс істегенін қолдаймын. Ол тек балаларымыздың тәрбиесімен ғана емес, профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандарды тәрбиелеумен де айналысады", - дейді ер адам.

Ал оның жары болса, жұмыс пен отбасылық өмірді қатар алып жүру оңай емес екенін мойындады.

"Жұмыс көп болып кетсе, анамыз келіп көмектеседі. Арасында балаларды өзімен бірге алып кетеді. Карантин уақытысында балалар үйде болды, әжелері келіп біраз уақыт қарады. Өйткені, біз таңертең ерте жұмысқа кетеміз де, мен кешкі жетіде үйде боламын. Ал жолдасымның түнгі он екіге дейін қызмет бабымен жүретін кездері болады", - дейді Абдуллаева.

Әйел балаларының полиция қатарында қызмет еткенін қаламайды. Олар заманға сай жан-жақты саланы меңгерсе екен деп тілейді.

"Қазір онлайн форматта жұмыс істеуге болатынын көріп отырмыз. Сол себепті балалар болашақта бірнеше мамандықты қатар алып жүрсе деймін. Олардың жан-жақты болып өскенін қалаймын, қазірдің өзінде соны айтып отырамын. Құқық қорғау органдарында қызмет ету оңай емес. Өйткені, адаммен жұмыс істеу де қиындап барады", - дейді Абдуллаева.

Оның сөзінше, формамен жүрген кісінің мінін көпшілікке көрсетуге асығып тұратындар аз емес. Ал жақсы, игі істі екінің бірі көрсете бермейді.

"Адамдармен тіл табысудың қиындағаны сол, кейбіреулер бас салып ашуланып, мінез көрсетіп, айтқан сөзіңді тыңдамай, айғай шығарып жатады", – дейді ол.

Фото
Фото: Ерлан мен Айдынның жеке мұрағаты

Қазіргі кезде Ерлан Сырлыбаев – полиция майоры, ал Айдын Абдуллаева – полиция капитаны. Абдуллаеваның айтуынша, бұған дейін екеуі де қызметтік шенді қатар алып жүрген. Ал Айдынның майор шенін алуы үшін аға инспектор қызметін атқаруы тиіс. Бірақ ол жерде бос қызмет орны жоқ.

Сөзін қорытындылай келе Ерлан Сырлыбаев отбасын қызмет бабымен араластырмайтынын айтып, әр отбасыға береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874556-oaj-emes-erli-zajypty-policejler-mahabbat-hikaasyn-ajtyp-berdi/

pixel