RU

Жамбыл облысында жоғалған 7 жасар баланы тікұшақ және ұшақпен іздеп жатыр

Telegram logo VKontakte logo

Жамбыл облысындағы Құшаман ауылының 7 жасар тұрғыны бір күн бұрын сағат 15.00 шамасында үйден атпен шығып кетіп, әлі оралмаған. Жоғалған баланы іздеуге тікұшақ пен АН-2 ұшағы қатысуда деп жазады KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

балақай12

Фото: Жамбыл облысы ПД

Ведомствоның ақпаратынша, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында Құшаман ауылының 7 жастағы тұрғынын іздеу жұмыстары жалғасуда. Ол күндіз үйінен атпен шығып кеткен. Содан бері баладан еш хабар жоқ.

Балақайды іздеу жұмыстарына 250-ден астам қатысуда. Олардың қатарында полиция, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен еріктілер бар.

Сондай-ақ, қосымша Ұлттық ұланның 150 сарбазы мен Меркі аудандық полиция бөлімшесінің 30 қызметкері қосылған.

Жергілікті тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама барысында баланы кешкі сағат 18.00 шамасында өзінің туған ауылы Құшаманнан 30 шақырым жерде орналасқан Жасұлан ауылының жанында көргені белгілі болды.

Айта кетейік, іздеу жұмыстарына ТЖД ұшағы мен жергілікті орман шаруашылығына тиесілі АН-2 ұшағы тартылған.

Полицейлер жоғалған бала туралы қандай да бір ақпарат білгендердің көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: 8 (7262) 2-49-02, 99-73-39, 8-775-376-66-93 немесе "102".

шаруа 1

Тағы да оқыңыздар

Құлсарыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен фермер өлі күйінде табылды

Баланың дене бітімі арықша, бойы 120 см, шашы қара. Сұр футболка мен қызыл бас киім, шолақ шалбар мен қызыл түсті кроссовка киген.

Еске сала кетейік, Алматы облысында 30 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында 17 жастағы бозбала жоғалып кеткен болатын. Полицияға баланың туыстары жүгінген. Оны соңғы рет тұрғындардың бірі Қорғас-Алматы тас жолына бағыт алғанын көрген екен.

Кейінірек, 12 қыркүйекте кәмелетке толмаған жігіттің денесі табылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Жамбыл облысында жоғалған 7 жасар баланы тікұшақ және ұшақпен іздеп жатыр