Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұшақты атқылаған": Үш жыл бұрын Алматы түбінде құлаған ұшаққа қатысты тың дерек шықты

Опубликовано:

Ұшақ апаты
Фото: m.sputniknews.kz

Үш жыл бұрын Алматы түбінде болған ұшақ апатына қатысты жаңа деректер шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы түбінде болған ұшақ апатының себебін анықтаумен айналысқан комиссия мүшелері министрліктен істі қайта қарауды сұрап отыр.

Олардың сөзіне сенсек, Алматыдан Шымкентке бағыт алған санавиация ұшағы бастапқыда айтылғандай «техникалық ақаудың салдарынан» құламаған.

Мамандар ұшақты әлдебіреулер атқылаған деген болжам жасап отыр.

"Бастапқы сараптамада апаттың негізгі себебі ретінде «техникалық ақау» деп көрсеттік. Одан кейін екінші пилоттың дайындығы да күмән келтірген еді. Яғни, оның бұл ұшақты басқаруға құжаты болмай шықты. Алайда осы жылдың сәуір айындағы тексеру кезінде пилот кабинасынан оқ іздері анықталды. Бұл – ұшақ сыртқы әсерден құлаған деген сөз. Сол үшін бірінші сараптамадан бас тартып, қайтадан тергеу жүргізуді сұраймыз. Өйткені шындық айтылуы тиіс", - дейді АН-28 ұшақ апатын тергеуші комиссиясының мүшесі Виктор Аушев.

Еске салсақ, осыдан үш жыл бұрын East Wing әуе компаниясына тиесілі АН-28 санавиация борты кешкісін Алматыдан Шымкентке ұшып шығып, 28 шақырым жерде құлаған болатын.

Ұшақ 12 минут өтер-өтпестен радардан жоғалып кетіп, екі сағаттан соң құтқарушылар оны Іле ауданы Қосөзен ауылының маңынан өртке оранған күйінде тапты.

Әуе кемесінің ішінде болған бес адамның бәрі қаза тапты. Олар: ұшақ командирі Геннадий Цой, екінші ұшқыш Евгений Кутафин, авиатехник Бейшебек Акматбаев, акушерлік гинекология және перинатология ғылыми орталығының дәрігері Талғат Патсаев пен дәрігер-реаниматолог, профессор Жәнібек Артықбаев.

Талғат Патсаев пен Жәнібек Артықбаев Шымкенттегі облыстық ауруханада жатқан әйелге көмекке баруы тиіс болатын.

Бірінші сараптама қорытындысында бойынша ұшақтың техникалық ақау себептерінен құлағаны анықталып, әуе компаниясы басшылығы сотқа тартылған болатын. Енді срапашылар «ұшақты әлдебіреулер атқылаған» деген болжам жасап, қайта тергеуді талап етіп отыр.

Министрлік болса, бұл болжаммен келіспей отыр. Айтуларынша, апат ұшақтың кесірінен болған. Мекеме әуе компаниясы ғана емес, сол ұшақты Ресейден қабылдап алған Азаматтық авиация комитеті де жауапқа тартылуы тиіс деген пікірде.

"Дұрыс тексерілмеген, шынын айту керек. Ұшақтың құжаттары. Оны мен кезінде айтқанмын. Дұрыс қарамаған тұлғаларды жауапқа тарту туралы. Жаңағы азаматтық авиациядағы істеген кісілер тіркеу кезіндегі және ұшу сертификатын беру кезіндегі тексерген кісілер жауапқа тартылуы керек еді", - дейді Индустрия және инрфрақұрылымдық даму министрлігінің ұшақ апаттарын тергеу бойынша бас сарапшысы Нұрлан Акулов.

Еске салсақ, бұған дейін Qazaq Air ұшағы көкке көтерілген соң әуежайға бірнеше мәрте қайта оралғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Шымкент әуежайында екі азаматты рейстен түсіріп жібергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1874569-sakty-atkylagan-s-zyl-bryn-almaty-tbinde-klagan-sakka-katysty-ty-derek-sykty/

pixel