Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әртістерге сахнаға мас күйде шығып, бейәдеп сөйлеуге тыйым салынады

Опубликовано:

Микрофон саханада
Фото: Pexels.com

Мәжіліс депутаттары әртістердің тәртібін қамтамасыз ететін заң жобасын қабылдады. Оған сәйкес, өнер иелеріне енді сахнаға мас күйде шығып, бейәдеп сөйлеуге тыйым салынбақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәдениет саласына қатысты заң жобасын талқылау барысында депутат Жәмиля Нұрманбетова құжат бойынша енді ауқымды шаралардың ұйымдастырушылары әртістердің тәртібіне жауапты болатынын мәлімдеді. Олар өнер көрсететін жұлдыздардың халық алдында өзін дұрыс ұстауын қамтамасыз етуге міндеттелмек.

Заң жобасына сәйкес, әртістерге сахнаға мас күйде немесе есірткі заттарын қолданып шығуға және ел алдында балағат сөздерді айтуға тыйым салынатын болады. Қазақстандық мәдениет министрлігінің басшысы кейбір әртістердің тәртібін реттеу мәселесі бұрыннан көтеріліп келе жатқанын растады.

Оған қоса, ол әртістердің сахнаға мас күйде шыққан оқиғалары мен олардың ел алдында өзін ерсі ұстауы туралы хабардар екенін жеткізді.

Сол себепті, бұл заң жобасы аясында аталмыш мәселелерді азаматтық-құқықтық келісімшартпен реттеуге кеңес беріледі.

"Ең маңызыдсы Конституция қағидалары мен жалпы қабылданған адами нормаларға сәйкес, аталмыш талаптарға қарама-қайшы келетін контентке тыйым салынатын болады. Оған қоса, бұл заң жобасы әртістердің сахнадағы тәртібін толықтай қамтамасыз етеді" , - деді Ақтоты Райымқұлова.

Сонымен қатар, сахнада фонограммамен ән айту мәселесі де аталмыш заң жобасымен реттелетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874572-rtisterge-sahnaga-mas-kjde-sygyp-bejdep-sjleuge-tyjm-salynady/

pixel