RU

"Бізде осы заң бар ма?": Әйелінің үстінен әйел алған түркістандық жұрттың ашуына тиді

Telegram logo VKontakte logo

Түркістан облысында ер адам төрт баласы мен әйелін сыйламай, екінші рет шаңырақ көтерген. Күйеуінің бұндай қорлығына шыдамаған келіншек көпшіліктен көмек сұрауда деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото

Көрнекі фото: Pixabay.com

Бұл туралы Гүлмира Әбіқай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"27 жасар Динара 4 ұлдың анасы, 5-баласына жүкті. Түркістан облысы, Қантағы ауылының тұрғыны. Күйеуі Рустам бүгін әйелінің үстіне әйел алып беташар жасады.

"Менімен тұрып жатып Ақтауда тағы бір қызға үйленіп қайтқан. Қазір ұялғанымнан 4 баламды алып көршіге қашып кеттім", дейді Динара.

Фотоға қарасам шымылдық ішіндегі келіншек мәз, мына әйелдің күйеуі құшақтап отыр. Әйтеуір, күнде бір сенсация", - деді журналист.

Видеодан Түркістан облысы тұрғынының көпшіліктен көмек сұрап, "бұндай бассыздыққа" қарсы қандай заң бар екенін білгісі келгенін аңғару қиын емес.

Роликті көрген көрген желі оқырмандары әйелін сыйламай, екінші рет үйленіп жатқан ер азаматты жерден алып, жерге салып жатыр.

Фото

Тағы да оқыңыздар

"Жылағың келеді": Әйелі тастап кеткен ер азамат төрт баласын өзі бағып отыр

"Санасыз еркек екен", "Балаларының болашағын ойламай ма", "Бұл елде ағайын тума деген жоқ па. Əуу дейтін ауыл ақсақалдары жоқ па. Адамдардан мейірімділік кеткен ба. Біреуі айтпай ма ішкен жегендеріне мəз болмай", "Қашу керек ондай адамнан, атын шығарып, суретін таратып, басқалар алданбау үшін", "Ай мына еркекті есті жігіттер бір сабарма еді, төрт ұл туған әйелін бұлай қорлағанша, қолынан келсе екінші қатынына үй алып соған түсірмейме, балаларын қарашы алтын ғой, бесіншісі де ұл болса ханым ғой мынау, момынау мына келіншек, үйінен қашпай неге заң адамдарымен келіспейді, үйдің үлкендері, ағайындарында ұят барма", деп күйінді олар.

Олардың арасында екінші рет шаңырақ көтеріп отырған ер адамды қолдағандар да табылды.

Ұрыс

Тағы да оқыңыздар

Бөгде азаматтың қалжыңын көтере алмаған жұбайлар ажырасып кетті

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Бізде осы заң бар ма?": Әйелінің үстінен әйел алған түркістандық жұрттың ашуына тиді