RU

БҒМ 25 қазақстандық оқу орындарының 60 лизенциясын қайтарып алды

студенттер 654
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі жергілікті 25 ЖОО лицензияларын қайтарып алды деп жазады KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҒМ хабарламасында президенттің жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында тиісті шаралар қабылданып жатқаны айтылған.

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 25 жоғары оқу орнының кадрларды дайындау бағыттары бойынша лицензияларға 60 қосымшасын қайтарып алды. Олардың басым бөлігі Комитеттің тексерісінен кейін қайтарылды.

Негізінен бұл оқу орындары "Педагогикалық ғылымдар", "Өнер", "Гуманитарлық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары", "Техника ғылымдары", "Қызмет көрсету" және "Әлеуметтік жұмыс", "Әлеуметтік ғылымдар" бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырды.

БҒМ хабарлауынша, жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ЖОО-лардың нормативтік құқықтық актілерді сақтамағаны анықталған. Олқылықтарға негізінен талапкерлерді қабылдау, профессор-оқытушылар құрамның біліктілігін арттыру, профессор-оқытушылар құрамын конкурс арқылы алмастыру, профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу және т.б. бойынша жол берілген.

"Президенттің тапсырмасы бойынша жұмысты екі бағытта жүргізіп жатырмыз. Біріншіден, әлсіз университеттерді толықтай жабу, екіншіден, бұл жағдайда университеттерді сапасы төмен, жабдықтары жетіспейтін және т.б. мамандықтары бойынша лицензиясынан айыру.
Мысалы, базасы жоқ және маманды дайындау бойынша талапқа сай сапаны қамтамасыз ете алмайтын педагогикалық жоғары оқу орны инженерлерді оқытып шығарған кезде немесе техникалық университет музыканттарды дайындаған жағдайда. Иә, бұл жоғары оқу орындары үшін өте ауыр процесс, жоғары оқу орындары қомақты кірістер мен студенттерді жоғалтады, бірақ біз үшін сапаны қамтамасыз ету маңызды", – деп түсіндірді Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Биыл білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді, сондай-ақ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен Қызметтің үлгілік қағидалары жаңартылғанын естеріңізге саламыз.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде бірнеше жоғарғы оқу орындарының лицензиясы тоқтатылған хабарланды. Себебі БҒМ қайта тексеру кезінде тағы тәртіп бұзушылықтар анықтаған.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен докторантура студенттері жаңа оқу жылында қалай оқитынын түсіндіріп берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874581-bgm-25-kazakstandyk-oku-oryndaryny-60-lizenciasyn-kajtaryp-aldy.html