RU

ДДСҰ Covid-19-ға қарсы тағы бір қазақстандық вакцинаны тіркеді

дерт
Көрнекі фото: pexels.com

Екінші қазақстандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вакцинаға үміткерлер тізіміне енгізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Вакцинаның 9 қыркүйекте тіркелгенін Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды

Профессордың айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вакциналық үміткерлер тізіміне наноэмульсивті майлы адъювант негізіндегі SARS-CoV-2 (COVID-19) вакцинасы енгізілген.

Бұл вакцинаны ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің халықаралық вакцинология орталығы мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің Айқымбаев атындағы ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы бірлесе жасап шығарған.

Қазір ол клиникаға дейінгі зерттеуден өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып тұмауға қарсы вакцина салдырды.

Сондай-ақ, министр ең алғашқы болып тұмауға қарсы вакцина салдыруының себебін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874601-dds-covid-19-ga-karsy-tagy-bir-kazakstandyk-vakcinany-tirkedi.html