RU

Пандемия кезінде шетелге демалысқа аттанған отандық жұлдыздар кімдер (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Әлемде жүріп жатқан коронавирус пандемиясы салдарынан қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары биыл шетел аса алмай, демалыстарын өз елінде өткізді. Алайда, карантин бәсеңдеп, бірқатар мемлекеттер шекарасын айқара ашқан бойда бірқатар отандастарымыз ыстық жақтарға қарай ұмтылды. Олардың арасында танымал тұлғалар да бар болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова түйемен

Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Бірқатар отандық жұлдыздар осы жылғы жазын Алакөл, Балқаш және Қапшағайда өткізсе, кейбірі күзде шетелде демалуға кіріскен.

Алғашқылардың бірі болып, әнші Мадина Сәдуақасова шекара асты. Өнер иесі Мысыр еліндегі Шарм-эль-Шейх қалашығына аттанғанын хабарлады.

Эстрада жұлдызы әр басқан қадамымен өз оқырмандарымен бөлісіп тұрады. Ол Instagram желісіндегі Stories арқылы демалысы қалай өтіп жатқаны мен қандай қызықтар болғанын айтып жүр.

Әншінің жариялап жүрген видеоларына қарап, оның Мысыр еліне туған сіңлісі мен ұлымен ғана барғанын аңғаруға болады. Оның видеоларында жолдасы Олжас бой көрсетпейді. Өнер иесі жақындарымен бірге аталмыш туристік қалашықтағы ең қымбат қонақ үйге тоқтаған.

Сонымен қатар, шетел асып кеткен танымал тұлғалар арасында белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да бар. БАҚ өкілі қос ұлымен Түркияның Анталия атты қаласында демалып қайтты.

Дастан Оразбеков пен Кәмшат Жолдыбаева қол ұстасты

Тағы да оқыңыздар

Көл жағасында құшақтасқан Жолдыбаева мен Оразбеков қызу талқыға қалды (видео)

Телевизия маманы бауырлас елде коронавирустың екінші толқыны басталғаны демалысына еш кедергі келтірмегенін алға тартты. Ләйлә Сұлтанқызы өзі тоқтаған қонақ үйде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталғанын және оның тек елу пайызға ғана толтырылғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Серікбол Сайлаубек "яхтада" қалай демалып жатқанын көрсеткен болатын.

Оған қоса, Айқын Төлепбергеннің демалысы туралы да жазған болатынбыз. Ол отбасымен бірге Қапшағайда демалуды шешкен.

Одан бөлек, бірқатар өнер иелері Алакөлде демалып қайтты. Олардың арасында еліміздің бас хитмені Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова мен әнші Шахизада Байбатжанова да бар. Шетелге бірге барып демалатын жұлдздар биыл Қазақстан ішінде бөлек қыдыруды жөн санаса керек.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Пандемия кезінде шетелге демалысқа аттанған отандық жұлдыздар кімдер (фото)