Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев төтенше жағдайлар министрін қабылдады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке қайта құрылған министрліктің құрылымы, басқа мемлекеттік органдардан өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы кейбір функцияларды, мемлекеттік материалдық қорды беру үдерісі, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің құрамына кірген әскери бөлімшелерді ауыстыру жұмыстары туралы баяндалды.

Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік қызметінің 25 жылдығы қарсаңында, аталған құрылымды қайта қалпына келтіргені үшін мекеме қызметкерлерінің атынан алғыс білдірді.

Мемлекет басшысына осы жылдың 8 айындағы төтенше жағдайлардың, табиғи және техногендік апаттардың, сондай-ақ, осындай жағдайларда қаза болғандар санының азайғаны туралы да ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымымен және қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу, түрлі төтенше жағдайларды азайту, қар бұрқасындарына әзірлік, сондай-ақ, көктемгі тасқындар мен елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру туралы бастаманы президент Қазақстан халқына арнаған жолдауында көтерген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1874610-tokaev-ttense-zagdajlar-ministrin-kabyldady/

pixel