RU

"Әрекетінің артын ойламайды": Мұхамеджан Тазабек Қуат Хамитов жайлы ойын айтты

Telegram logo VKontakte logo

Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек аралас жекпе-жек спортшысы Қуат Хамитовтың тап болған оқиғасына қатысты пікір білдірді. Айтыскер ақын батыр жігіттер істеген әрекетінің артын ойламайтын болғандықтан осындай жағдайлар орын алатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұхамеджан Тазабек

Фото: Instagram/mukhamedzhan_tazabek

Мұхамеджан Тазабек қоғамда шу тудырған мәселе жайлы бар ойын Instagram желісінде жеткізді. Ол жеке парақшасында Қуат Найманның оқиғасына байланысты жазба жариялап, онда спортшы інісіне ақыл айтар аға қажет екенін түсіндірді.

"Қолымен істегенін мойынымен көтеруден ер жігіт қашпайды ғой. Заң орындарының әрекеті, Қуат бауырымның қапасқа кіріп-шығуы өмірде боп жататын заңдылықтар деп ойлаймын. Менің айтпағым басқа. Жалпы, Қуат Хамитов батырымызды әжуалап, сыртынан әр нәрсе жазып қажет емес. Қашаннан батырдың бір сипаты сол - әрекетінің артын ойламау. Артын ойлап,“басыма соққы тисе не болам,” деген жігіт рингке шықпайды. “Жауымнан жарақат алам ба” деген батыр майданға бармайды.

Батырдың негізгі қасиеті сол - ренжіттің бе ашуланады, қарсы шықтың ба ұмтылады, қорладың ба құлатады. Мәселе, батырды басып отыратын, байыптылыққа шақырып бағыт сілтеп отыратын, ойына ой қосып, сабырын ұйытып отыратын ағаның жоқтығында. Батыр да бір - қанжар ғой. Жүзінен ұстасаң қолыңды кеседі, сабынан ұстасаң қажетіңе жарайды.

бандао1

Тағы да оқыңыздар

Қарағандыда үлкен жүк көлігі 13 қабірді қиратып кеткен

Батырға бас болатын бидің жоқтығынан, жүректіге жөн айтып, жол сілтейтін дуалы ауыз даналардың тапшылығынан қор боп жүргені өтірік емес. Керек кірпішті кетігіне қалайтын абыздардан гөрі қазір бәйгенің атын көкпарға салып, салтанатқа мінетін тұлпарды соқаға жегетін парықсыз пенде көп. Әр буынның өз жүгі бар. Ақсақал азса ел ағаларының еңсесі түседі, ел ағалары ез болса, жастардың желкенін кім үрлеп, жолын кім ашады.

Сырттан келіп сыбағаңды түгендейтін, жыртығыңды жамайтын ешкім жоқ қой. Алауыздық атамыздан қалған енші ме еді? Неге, ел алдында сықиған сырбаз болып көрініп, оңашада өсектен басқа айтары жоқ, “хан сыртынан жұдырықтан” басқа қарекеті жоқ “зиялысымақ” көбейді?!

Ініге аға бола алмасақ, аға болар тұлғаларды жау тұтсақ, елдің естияры кім, жұрттың жол бастары кім? Қуаттай батырларға Бекболаттай жыраулар аға болып жүретін, Бекболаттай ағаға батыр інілер ізбасар болып жүретін, қазақтың ынтымақ пен берекесі тасыған күнді көруді Алла баршамызға нәсіп етсін" , - деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

Ұрыс

Тағы да оқыңыздар

Бөгде азаматтың қалжыңын көтере алмаған жұбайлар ажырасып кетті

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Әрекетінің артын ойламайды": Мұхамеджан Тазабек Қуат Хамитов жайлы ойын айтты