Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЕҰУ-де халықаралық конференцияға қатысушылар қашықтан білім беруді талқылады

Опубликовано:

Конференция
Фото: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметі

2020 жылдың 16 қыркүйегінде Еуразия ұлттық университетінде «Қашықтықтан білім беру: жаһандық ауқымдағы жаңа сын-қатерлер» атты онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.

Іс-шараға саяси және қоғам қайраткерлері, академиялық қоғамдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Үндістан, Бельгия, Ұлыбритания сарапшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Халықаралық онлайн-конференцияны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов ашып, оқытудың неғұрлым қолайлы құралдары мен тәсілдерін, технологияларын іздеуде әлемдік педагогикалық практиканың барлық арсеналын қайта қарап, ревизия жүргізу қажет екенін атап өтті.

Қашықтықтан білім беру технологиялары білім беру жүйесі үшін ең сұранысқа ие және перспективалы болып табылатынын жеткізді. Бұл, өз кезегінде, жаһандық процестердің, атап айтқанда цифрландыру мен ақпараттандырудың ықпалына байланысты кең ауқымды жаңғыртуды талап етеді.

Конференцияда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев пен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың конференция қатысушыларына құттықтау хаттары оқылды. Қырымбек Елеуұлының пікірінше, озық IT-технологияларды жедел енгізе отырып, заманауи білім беруді одан әрі дамыту, білім беру мекемелерінің қызметін толық цифрландыру мәселелері, білім беруді жаңғырту перспективалары аса маңызды құзыретке айналуы тиіс.

Конференция
Фото: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметі
«Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлерін жедел түрде шешу. Соңғы оқиғаларды ескере отырып, білім беру саясаты жүйесін жаңарту білім беру процесін сапалы жақсартуға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, қашықтықтан білім беру технологиялары маңызды рөл атқарады», - делінген Мемлекеттік хатшының хатында.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың халықаралық жиынға қатысушыларға жолдаған хатынан аңғарғанымыз – жоғары сапалы білім беру, оқытудың форматы мен мазмұнын жаңарту және қазіргі ұрпақ үшін бірқатар шаралардың қажеттілігі.

Іс-шараға қатысушылар қашықтықтан оқыту технологиялары саласындағы озық идеяларды, өзекті міндеттерді іздеу және талқылау үшін диалогтық алаңға құрылған бүгінгі конференция өте маңызды әрі дер кезінде өткізіліп отырғанын атап өтті.

Конференция
Фото: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметі

Конференция барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов, Томск мемлекеттік университетінің ректоры Эдуард Галажинский, UNINETTUNO халықаралық телематикалық университетінің зерттеулер және инновациялар бөлімінің басшысы Алесандро Кафорио, Modern Education & Research Institute директоры Екатерина Царанок, "МИСиС" ғылыми-зерттеу техникалық университетінің онлайн оқыту орталығының директоры Нұрлан Қиясов және басқа да сарапшылардың баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ конференция бағдарламасында сандық қашықтықтан оқыту қауымдастығындағы үздік тәжірибелерді көрсететін воркшоптар, виртуалды сессиялар жоспарланған.

ЕҰУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры Еркін Оңғарбаев модераторлық еткен халықаралық конференция ертең, 17 қыркүйек күні өз жұмысын одан әрі жалғастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1874629-eu-de-halykaralyk-konferenciaga-katysusylar-kasyktan-bilim-berudi-talkylady/

pixel