RU

Нұр-Сұлтанда атышулы апалы-сіңлілі ұры қыздар тағы да полицияға ұсталды

Telegram logo VKontakte logo

Нұр-Сұлтанда дүкендерде жаппай ұрлық жасады деген күдікпен апалы-сіңлілі қыздар ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

қылмыскер

Көрнекі фото: ru.sputniknews.kz

21 және 23 жастағы жас қыздар 2016 жылы полицияның назарына іліккен болатын. «Анжела-Ангел» деген атпен қылмыстық ортада танымал болған үлкені бұрын алаяқтық үшін сотталған және бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Полицияда бойжеткен «ұсақ ұрлық жасады», «алаяқ», «ұялы телефон ұрлаушы», «ұры» және «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын ата-ана» санаттары бойынша есепте тұр.

2018 жылдан бастап «ұры» және «алаяқ» санаты бойынша полиция есебінде тұрған сіңлісі осы жылдың қаңтар айында сотталған. Бірнеше рет ірі ұрлық, ұсақ ұрлық және алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке де тартылған.

Алайда қабылданған шараларға қарамастан, қыздар түзету жолына түскісі келмейді және қылмыс жасауды жалғастыруда.

Полицейлердің мәліметінше, апалы-сіңлілер қаланың қоғамдық орындарында бірқатар ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Қыздар жабық базарларда, сауда үйлерінде, сауда орталықтарында, сұлулық салондарында және т. б. жерлерде ұрлық жасаған.
Педофил1

Тағы да оқыңыздар

Қарағанды облысында ер адамға педофилияның 18 ісіне қатысы бар деген айып тағылды

Мысалы, бір апта бұрын қыздар тұрмыстық тауарлар дүкеніндегі тағы бір ұрлық кезінде ұсталды. Полиция ұрыларды дүкендегі бейнекамераларды қарау арқылы анықтаған. Камерадан сіңлісінің өнімді байқатпай ұрлап жатқанын көруге болады. Ал әпкесі бұл уақытта оның әрекетін жасырып көмектескен.

Анықталғандай, екі қыздың кенжесі жақында ғана сот залынан шыққан, бірақ соған қарамастан ол қайта қылмысқа барған. Қазіргі уақытта дүкендерден 5 ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Ұрлық» қылмыстық бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Нұр-Сұлтанда атышулы апалы-сіңлілі ұры қыздар тағы да полицияға ұсталды