RU

Алматы облысында 42 жастағы адам көпірден секіріп, өлмек болды (видео)

ер адам
Көрнекі фото: ru.sputniknews.kz

Қаскелең қаласында полицейлер 25 метрлік көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға 14 қыркүйек күнң болған. Қаланы кешкі патрульдеу кезінде Қарасай аудандық полиция басқармасы патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары мен ППР қызметінің инспекторлары көпірдің қоршау бағанынан өтіп кеткен ер адамды байқаған.

"Полицейлерді көрген азамат көпірден секіретінін айғайлап айтып, олардың жақын келмеуін талап еткен. Жағдайды ушықтырып алмау үшін тәртіп сақшылары оған жақындамаған", – делінген ақпаратта.

Полицейлердің айтуынша, ер адам түсініксіз күйде болған. Кейіннен оның сол сәтте ішімдік пен есірткіге масаң күйде болғаны анықталды.

42 жастағы азамат сол жердің тұрғыны болып шықты. Бұған дейін есірткі сатқаны үшін сотты болған ол өзін өлтіргісі келетінін айтқан.

"Ер адамның жеке тұлғасы анықталғаннан кейін полиция оның әпкесіне хабарласып, оқиға орнына шақырды. Туысқаны жанына келіп, құшақтаған сәтте полиция ер адамды қауіпсіз жерге шығарып алды", – дейді тәртіп сақшылары.

Ер адам бірден сауықтыру үшін арнайы орталыққа жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874661-almaty-oblysynda-42-zastagy-adam-kpirden-sekirip-lmek-boldy-video.html