RU

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің сүйегі еліне жеткізілді

жауынгерлер
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Бүгін ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің ұшағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан Жағыпар Қайларов пен Азықан Нұғымановтың сүйектерін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізді.

Қазақстандық сарбаздардың сүйектері өткен жылы «Еске алу вахтасы» акциясы аясында табылған. Қаза болғандардың медальондарында сақталған мәліметтері негізінде олардың аты-жөндері мен шақыру орны анықталды.

Азықан Нұғыманов Тверь облысында, Жағыпар Қайларов Ленинградта майдандағы ұрысқа аттанған. Олар Ақмола облысы Біржан Сал ауданы Степняк қаласы мен Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында жерленді.

Қазақстанда қаза тапқан жауынгер Азықан Нұғымановтың туыстарын табу әзірге мүмкін болмады. Оны жерлеумен Біржан Сал ауданының әкімдігі айналысады, оны аудандық әскери комиссариат майданға шақырған (бұрынғы Еңбекшілдер ауданы).

ҚР Қорғаныс министрлігі
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Жетіген кентінде Жағыпар Қайларовты туыстары қатты толқыныспен күтуде. Жерлеу рәсіміне Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысады.

Қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін табыстау және жерлеу бойынша дайындық жұмыстары ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери атташе аппаратының және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің жәрдемімен өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874669-ly-otan-sogysynda-kaza-tapkan-kazak-zauyngerlerini-sjegi-eline-zetkizildi.html