RU

Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды ма: Сағынтаев жауап берді

сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: kstnews.kz

Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» теларнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматылықтардың сұрағына жауап берген шаһар басшысы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын айтты.

16 қыркүйектегі мәлімет бойынша, оңтүстік астанамызда коронавирус жұқтырудың 14 325 оқиғасы тіркелген. Олардың ішінде 13 941 адам (97,3%) қауіпті дерттен емделіп шығып, 270 адам көз жұмды.

«Қыркүйек айы басталғаннан бері ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеді. Мәселен 9 қыркүйек күні – 11 науқас, сосын 9, 8, 6-ға дейін азайды. 11 қыркүйек күні инфекцияны жұқтырған бір де бір адам тіркелген жоқ. 14 қыркүйек күні екі адамнан анықталды, кеше бір адамнан шықты»,– деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол қалада 527 мыңнан астам адамға ПТР тест жасалғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874671-almatyda-epidemiologia-zagdajy-traktaldy-ma-sagyntaev-zauap-berdi.html