RU

Қазақстан Қырғызстан және Өзбекстанмен шекарасын қашан ашады

шекара
Көрнекі фото: ult.kz

Қазақстанның Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы ашылғаны - шекара арқылы көлікпен немесе жаяу өтуге болады дегенді білдірмейді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Шекаралар әлі жабық, кейбір елдермен тек әуе байланысы ғана қалпына келтірілді", - деп түсініктеме берді ҰҚК баспасөз қызметі.

Шекараларды ашу туралы шешімді ведомствоаралық комиссия мен Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері коронавирус пандемиясымен байланысты эпидемиялық жағдайға сүйене отырып қабылдайды.

Айта кетейік, Қазақстан БАӘ, Германия, Беларусь, Украина, Мысыр, Түркия және Өзбекстанмен әуе қатынасын қалпына келтірді.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы алғашқы рейс жексенбі, 20 қыркүйек ұшады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 16 қыркүйектен бастап Польшамен әуе қатынасы қайта жанданғаны туралы жазған болатынбыз.

Польша Республикасы Үкіметінің өкімімен Қазақстан 16 қыркүйектен бастап Варшава бұдан бұрын тікелей әуе қатынасына тыйым салған елдер тізімінен шығарылды.

Қазақстанның осы тізімнен шығарылуы COVID-19 таралуына байланысты еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.

Сонымен бірге, бұған дейін Ресей СІМ Сергей Викторович Лавров қос ел арасындағы шекараның ашылуына қатысты сұраққа жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874673-kazakstan-kyrgyzstan-zne-zbekstanmen-sekarasyn-kasan-asady.html