RU

Қазақстанда карантиндік шектеулер қайтадан жеңілдетілді

карантин
Көрнекі фото: NUR.KZ

"Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Өзгеріс енгізілген тиісті құжатқа сәйкес, елімізде ойын-сауық орындары, атап айтсақ караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары және кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынды.

Ал маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлар қызметін жалғастыратыны белгілі болды.

Сонымен қатар, ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын отыратын орын қойып, №43 қаулының талаптары сақталған кезде рұқсат етілмек.

Одан бөлек, демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтайды.

Қаулының толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың екінші толқыны біріншісіне қарағанда ауыр болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Соңғы тәулікте әлем бойынша 308 мыңға жуық адамға COVID-19 диагнозы қойылды. Аурудан қайтыс болғандардың саны 917 мыңнан асқан.

Қазір Еуропаның бірқатар елінде карантин режимі қатаңдай бастады. Ал Қытайда тіпті әскери режим жарияланды. Осыдан-ақ мұнда жағдайдың оңай болмай тұрғанын байқауға болады.

Айта кетейік, бір апта ішінде Алматыда карантин шараларын бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанына айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874681-kazakstanda-karantindik-sekteuler-kajtadan-zeildetildi.html