RU

"Бақылаудан шығып барады": БҰҰ бас хатшысы коронавирус пандемиясы туралы айтты

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Deccio Serrano/NurPhoto via Getty Images

БҰҰ Бас хатшысы 2020 жылы наурызда жарияланған коронавирус пандемиясының "бақылаудан шығып бара жатқанын" айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Антониу Гутерриштің сөздерін РИА Новости келтірді.

Ұйымның бас хатшысы атап өткендей, КВИ пандемиясы және оның туындаған дағдарысы бұрын-соңды болмаған құбылыс, әлем бұған дейін мұндай жағдайға тап болған емес.

БҰҰ пандемияны жаһандық қауіпсіздікке "бірінші қатер" ретінде қарастырады. Ұйым көп ұзамай вирустың құрбандарының саны миллион адамға жетеді деп сенеді.

БҰҰ Бас хатшысы көпшілік вакцинадан үміттенетінін, бірақ ол пандемия мен дағдарыстың салдарын жоя алмайтынын баса айтты.

"Бірақ бұны әлемдік қоғамдық игілік деп қарау керек, өйткені COVID-19 шекараны білмейді. Бізге бағасы баршаға қолжетімді болатын вакцина керек – адамдарға арналған вакцина", – дейді Гутерреш.

БҰҰ елдерді вируспен күресудің жаңа және қолданыстағы құралдарын кеңейтуге шақырады.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Кездесуде халықтың денсаулығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Айта кеткен жөн, екінші қазақстандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вакцинаға үміткерлер тізіміне енгізілді. Вакцина қазір ол клиникаға дейінгі зерттеуден өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874688-bakylaudan-sygyp-barady-b-bas-hatsysy-koronavirus-pandemiasy-turaly-ajtty.html