RU

Таразда былтыр 3,5 миллиард теңгеге салынған кешен қирап жатыр (видео)

Шахристан1
Көрнекі фото: gorodtaraz.kz

Таразда бюджеттен 3,5 миллиард теңге жұмсалған Шахристан кешені қирап жатыр. Ғимараттың қаптамасы құлап жатыр, ондағы сағат жұмыс істемейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, Тараздың тарихи орталығында орналасқан Шахристан былтыр ғана пайдалануға берілген. Алайда ғимараттан бірнеше рет қаптама құлап, шығыс мозайка бағандардан құлай бастаған.

"Олар осылай салады, қоқыстан салынған. Ұялмайсыңдар ма?" – деп ашуланған жергілікті тұрғындар жаңа кешеннің жағдайын видеоға түсіріп алды. Құлап жатқан қаптамадан басқа, кешеннің еден плиткалары құлап, үлкен сағат біресе істеп, біресе тоқтап қалатын көрінеді.

"Шахристан" – бұл елдің ең ірі тарихи-мәдени орталығы, нысан әртүрлі елдерден туристерді тартуға арналған деп атап өтілген.

Қалалық әкімдікте телеарна тілшісіне хабарлағандай, кешен қыста салынды, мерзім аяқталуға жақын қалып, уақыт қысып, сондықтан жұмыс нашар орындалған. Бірақ мердігерде тағы 5 жыл кепілдік бар - осы уақыт ішінде ол барлық кемшіліктерді жоюы керек.

"Келісімшартқа сәйкес, бес жылдық мерзім кепілдігі бар, толық қалпына келтіру мердігердің мойнында", – деп қорытындылады ведомстводағылар.

Еске салсақ, ыстық суға зәру болған Тараз қаласы тұрғындарының жанайқайын тиісті мекеме шешіп берген болатын.

Сондай-ақ, бұған дейін қоғам белсендісі Сандуғаш Тұрлыбекова Таразда көпбалалы аналарға мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмектің сапасына наразылығын білдірген болатын. Айтуынша, көпбалалы отбасыға берілген әлеуметтік пакеттің ішіндегі өнімнен құрт шыққан. Белсендінің бұл шағымына Тараз қаласының әкімдігі жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874693-tarazda-byltyr-35-milliard-tegege-salyngan-kesen-kirap-zatyr-video.html