RU

Павлодар облысында бес жылдан бері іздеуде жүрген адам табылды

ер адам
Көрнекі фото: zen.yandex.ru

Павлодар облысында "Учаске" операциясы басталды. Соның арқасында бес жылдан бері іздеуде жүрген адам табылған деп жазады KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қыркүйектің жетісінен 1 желтоқсанға дейін "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Операцияның негізгі мақсаты - заң бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының беделін арттыру.

ПД баспасөз қызметінің ақпаратынша, аталмыш операцияның арқасында Ленин кентіндегі көші-қон қызметінің қызметкерлері 2015 жылдан бері іздестіріліп жүрген 40 жастағы ер адам табылған. Оған сот орындаушысына келу туралы түсініктеме мен міндеттеме берілген.

Сондай-ақ түрлі заң бұзушылықтар үшін 2000-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Полиция пәтерлерді тексеру барысында тіркелмеген немесе жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 292 адамның анықталғанын айтты.

"Өңір полицейлері 1,5 мыңға жуық атыс қаруының иелерін тексерді; сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін алты қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардан екі тегіс ұңғылы қару тәркіленді", – деді Ғалым Сарғұлов.

Еске сала кетсек, Алматы облысында көпірден секірмек болған 42 жастағы ер адамды полицейлер құтқарып қалған еді.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда дүкендерде жаппай ұрлық жасады деген күдікпен апалы-сіңлілі қыздар ұсталғаны хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874707-pavlodar-oblysynda-bes-zyldan-beri-izdeude-zrgen-adam-tabyldy.html