RU

20 жыл бойы лотореяға сеніп келген зейнеткер ақыры қыруар ақша ұтып алды

Лоторея
Фото: 120.su

АҚШ тұрғыны 20 жыл бойы лотореядан жеңетініне сенім артып келген. Ақыры сенімі ақталған қария көптен күткен ұтысқа ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Флорида штаты Веро Бич қаласында тұратын Джеймс Дипполд есімді зейнеткер 20 жыл бойы Powerball лотореясының билеттерін сатып алып келген. Ол жеңетініне сеніп келгені соншалық, сол 20 жыл ішінде лотореяға тек бір санды ғана қайта-қайта енгізіп келіпті.

73 жастағы азамат ширек ғасырға жуық уақыт өз жеңісін сарғая күткен. Мектеп автобусының жүргізушісі болып жұмыс істейтін ол, кезекті лотореяда жеңіске жеткенінде қуанышы қойнына сыймаған.

Жақсы күндердің әйтеуір бір келетініне сенген азамат ақыры лотореядан 2 миллион доллар ұтып алады.

Бақыттан басы айналып жүрген қария жұмысынан зейнетке кетіп, ұтқан қаражатына жақсылап демалуды жоспарлауда.

Еске салсақ, бұған дейін біз түсінде көрген санды таңдаған әжей лотореядан қыруар қаражат ұтып алғанын жазған болатынбыз. Канаданың Онтарио провинциясындағы Торольд қаласында тұратын 64 жастағы әйел адам лотерея ойнар алдында ерекше түс көрген екен.

Одан бөлек, жолы болғыш азамат гаражынан құны 130 мың долларлық шәйнек тауып алғанын жазған едік. 51 жастағы Ұлыбритания тұрғыны карантин кезінде үйінің қасындағы гаражды тазалауды ұйғарады. Ескі қоқыстың арасынан табылған құнды шәйнек ер адамның анасына тиесілі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874708-20-zyl-bojy-lotoreaga-senip-kelgen-zejnetker-akyry-kyruar-aksa-typ-aldy.html