RU

Данэлия Төлешова әйгілі America’s Got Talent шоуының финалына өтті

Данека
Фото: instagram.com/tuleshova_daneliya

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова көрермендердің өолдауының арқасында America’s Got Talent әлемдік шоуының финалына өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас орындаушының PR-директоры Татьяна Синенконың хабарлауынша, дауыс беру АҚШ-та бәр тәулік ішінде өткен. Көрермендер дауысының нәтижесінде өнер иесі фавориттер қатарынан табылған.

Өз кезегінде Данэлия өнерін бағалап, қолдау көрсеткендерге шексіз алғысын айтқан.

Финалистер қатарында қазақстандықтан басқа қазылар алқасының қолдауына ие блған екі өнер иесі бар.

America's Got Talent шоуының 15 маусымының финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Төлешованың қандай ән орындайтыны әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, Данэлия аталмыш шоудың жартылай финалында қалың көпшілікті ән орындауымен тәнті еткен еді.

Ол Jessie J есімді британиялық жұлдыздың "Who You Are" атты әнін шырқаған.

Оның ән салған сәтін шоудың ресми Youtube-каналы жария етті. Тыңдармандар әншінің кезекті өнеріне ерекше тәнті болғандарын жасырмады.

Данэлияның ән салған сәтінен видео бір тәулік өтпей жатып 14 мың қаралым мен жүздеген пікір жинап үлгерген. Пікір қалдырушылардың дені - ағылшынтілді тыңдармандар.

"Өмірімде естіген орындаулардың ең үздігі. Сөзім жоқ", "Керемет", "Жеңіске лайық әнші", "Шоудың ең үздік қатысушысы", - деп жарыса пікір қалдырды шетел азаматтары.

Бұған дейін Данэлия Төлешованың America's Got Talent шоуының үшінші турына қосымша тыңдаусыз бірден өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874715-danelia-tlesova-jgili-americas-got-talent-souyny-finalyna-tti.html