Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте елімізде КВИ мен пневмониядан тағы 8 адам көз жұмды

Опубликовано:

тәжвирус ем
Көрнекі фото: stream.weacom.ru

17 қыркүйектегі статистикалық мәліметке сәйкес, Қазақстанда КВИ мен пневмония салдарынан болған тағы сегіз өлім оқиғасы тіркелді. Бес науқас коронавирустан көз жұмса, қалған үшеуі коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болған деп жазады KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте елімізде коронавирустық инфекцияның белгілері бар пневмонияға 263 шалдығып, қауіпті дерттен 3 адам көз жұмды. Сонымен қатар, тағы 72 адам пневмонияны еңсеріп шықты.

1 тамыздан осы уақытқа дейін пневмония бойынша жүргізіліп келе жатқан статистикалық мәліметтер мынадай:

  • Ауырғандар - 30337 науқас.
  • Жазылып шыққандар - 26478 адам.

Бұл аралықта Қазақстан аумағы бойынша коронавирус белгілері бар пневмониядан болған 335 өлім оқиғасы тіркелді.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы тағы 72 адамнан анықталды.

Атап айтқанда, аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 9,

Алматы қаласында - 4,

Ақмола облысында - 3,

Ақтөбе облысында - 1,

Алматы облысында - 2,

Атырау облысында - 7,

Шығыс Қазақстан облысында - 20,

Жамбыл облысында - 1,

Батыс Қазақстан облысында - 4,

Қарағанды облысында - 6,

Қостанай облысында - 2,

Қызылорда облысында - 2,

Павлодар облысында - 5,

Солтүстік Қазақстан облысында - 5,

Түркістан облысында - 1 жаңа науқас тіркелді.

Жалпы республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 107 056 адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, бүгін бас санитар дәрігер "Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Тиісті құжатқа сәйкес, елімізде ойын-сауық орындары, атап айтсақ караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары және кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1874723-tken-tulikte-elimizde-kvi-men-pnevmoniadan-tagy-8-kz-zmdy/

pixel