RU

БҚО-да 25 шенеунік пен полицей жемқорлық жасағаны үшін сотталды

Жемқорлық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірінші жартыжылдықтың қорытындысын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ведомство басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Саметтің айтуынша, биыл алғашқы 6 айда өңірде 25 мемлекеттік қызметкер жемқорлығы үшін сотталған. Шенеуніктер ақша жымқырып, алаяқтық жасап, пара беріп-алған.

Мекеменің дерегінше, жемқорлық үін сотталғандар арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері көп.

Сондай-ақ, осы кезеңде БҚО-да 34 адам мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған. Мұнда тағы да полицейлер көп.

Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік қызметкерлер қызметтік өкілеттіктерін материалдық пайда табу үшін немесе жақын туыстарының, таныстарының мүдделерін қанағаттандыру үшін пайдаланған.

Нәтижесінде 18 мемлекеттік қызметші қызметтік талаптарға толық сәйкес еместігі туралы ескерту алған. Тағы 16 адам орнынан босатылған. Оларды 14 полицейлер болса, екеуі СЭҚ қызметкері.

Сонымен бірге алғашқы жартыжылдықта БАҚ беттерінде шенеуніктерге қатысты 68 теріс материал жарияланған. Оның жетеуі расталып, тағы 12 адам тәртіптіктік жауапкершілікке тартылған, үш адам мемлекеттік қызметтен шеттетілген.

Еске сала кетсек, Шымкентте 8 бірдей шенеунік жемқорлықпен ұсталғанын жазған едік.

Айта кетсек, СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев қол астындағы қызметкерлердің жемқорлығы үшін қызметінен кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874728-bko-da-25-seneunik-pen-policej-zemkorlyk-zasagany-sin-sottaldy.html