RU

Мінсіз мүсінді Жанар Дұғалова ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Жанар Дұғалова фотосессия
Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Жанар Дұғалова желіде жаңа суреттерімен бөлісіп, барша ер азаматтардың назарын өзіне аудартты. Әнші арудың ашық образы оқырмандар арасында қызу талқыланып, көптеген пікірлерге ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кешью" тобының бұрынғы мүшесі әлеуметтік желіде аса ашық образбен түскен фотоларын жариялап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Жанар Дұғалованың Instagram парақшасына пікірлер бірден қарша жаудырылды.

Желі қолданушылары өнер иесінің талдырман мүсініне тәнті болып, оған деген жылы лебіздерін білдірген. Ерлер қауымы болса шоу-бизнес сылқымына ғашық болып, өз сезімдерін жеткізді.

Бойжеткендер де Дұғалованы үлгі тұтатындарын жарыса жазып, дене сымбатын сақтауға қатысты кеңестерін беруді сұрап жатты.

"21 ғасырдың Қыз-Жібегі", "Мүлдем бөлексің. Құдды өзге әлемнен келген жандайсың. Сұлулығыңда шек жоқ" , "Не деген мінсіз мүсін, ғашық қылдың" , "Сізді қатты жақсы көремін" , "Өте көрікті қазақтың қызы" , "Махаббатым менің" , "Жанар дене сымбатыңыздың сыры неде? Бөлісіңізші, сізден үлгі алып жүремін" , "Ғашық болдым, мінсіз ару" , - деп жазуда көпшілік.

Оған қоса, желідегілер арасында әншіні сынға алғандар да болды. Олар Дұғаловаға өнермен айналыса бермей, тұрмысқа шығу керек екенін айтқан.

Айта кетейік, бұған дейін "Кешьюдің" өзге бұрынғы әншісі Кәмшат Жолдыбаева да желіде шу тудырды. Ол өз парақшасында Дархан Оразбековпен қол ұстаса жүгірген вижеосын жариялап, елден оңбай сөз естіді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874737-minsiz-msindi-zanar-dgalova-erler-kauymyn-esten-tandyrdy-foto.html