Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашын жайып тастағаны үшін сынға қалған Роза Әлқожаны інісі жақтап шықты

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа сахнада
Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Біраз уақыт бойы сахнаға орамалмен шығып келген Роза Әлқожа кейіннен оны шешіп тастағаны үшін аяусыз сынға ілікті. Бүгінде ел алдында шашын жайып жүрген өнер иесіне желіде жағымсыз пікірлер қарша жаудырылуда. Басы дауға қалған әншіні оның туған інісі Әбдіжаппар Әлқожа жақтап шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа жұлдызды әпкесіне келіп жатқан сындарды мүлдем әділетсіз деп санайды. Ол желіде шу тудырған мәселеге қатысты өз ойын "Опмай-Опмай" бағдарламасына сұхбат беріп айтқан.

Жас өнерпаздың сөзінше, Роза Әлқожа осы күнге дейін қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, барынша көпке үлгі болып жүр. Алайда, әншінің інісі халық оның жасап келген жақсылықтарын бір мезетте ұмытып кеткеніне шүйлікті.

"Әркім өз бауырын, өз туысын ақтайды. Ол жаман болса да, жақсы жерін тауып алады. Сол сияқты халық та, ол жақсы болса да жаман жерін тауып алады. Розаның осы күнге дейін қазақтың сәукелесін, қазатың ою-өрнегін, қазақтың орамалын жырлап келе жатқанына қаншама жылдар өтті. Соны көрмеген халық, бір орамалын шешсін, соны әңгіме қылады. Санасызға сан рет айтсаңда, санасына кірмейді.
Соны көрмей, пікірлерді былапыттап жаза беретіндер диван үстіндегілер ғой. Әркімде ірқалай күйзеліс болады, әркімде әрқалай ізденіс болады. Орамалды тақса тағй да айтады. "Араб болып кетіпсің" деп айтары анық. Ештене жақпайды. Негізі өзімнің көзқарасым - Роза әпкем өзі біледі, мен өзім білемін. Біреуге ақыл үйретуден аулақпын" , - деп ағынан жарылды Әбдіжаппар Әлқожа.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова өзін орамал таққаны үшін сынағандарды орнына қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1874752-sasyn-zajyp-tastagany-sin-synga-kalgan-roza-lkozany-inisi-zaktap-sykty/

pixel