RU

"Азырақ ішу керек": Ефремов тергеу изоляторынан хат жазды

Ефремов суд 1
Фото: ТАСС / Михаил Метцель

Тергеу изоляторында отырған Михаил Ефремов журналистер мен жанкүйерлерінің хаттарына жауап беруде. Актердің айтуынша, ол түрмедегі театрға жетекшілік етуге ниетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ефремов RT журналисіне хат жазып, онда өзі ісіне байланысты өкініштері мен қорғаушысына қатысты ойларын жеткізген.

Айтуынша, қайғылы оқиға болған күні көп нәрсе есінде жоқ. Ол ішімдікті азырақ ішу керектігін айтады.

Ал өзінің қорғаушысына қатысты ол Пашаевтың істің осыншама резонанс туғызатынын түсінбегенін, немесе керісінше, "жақсы түсінгенін" атап өтті.

Егер апелляциядан кейін шартты мерзім берілмесе, актер Чувашиядағы түрме театрына жетекшілік етуді көздейді. Айтуынша, оның арғы аталары сол жерде сахна өнерімен айналысқан.

Айта кетейік, 8 қыркүйекте Мәскеудің Пресненск аудандық соты ресейлік актер Михаил Ефремовке қатысты үкім шығарды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Судья Елена Абрамова сотталушыдан 800 мың рубль өндіру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ актер үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Осылайша, сот Михаил Ефремовты кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі деп таныды. Апат кезінде оның автокөлігінің сағатына 80-90 шақырым жылдамдықпен жүргені анықталды. Көлік толығымен бүтін болған, және барлық зақымдар апат салдарынан пайда болды.

Еске сала кетсек, биылғы 8 маусымда Jeep Grand Cherokee автокөлігін басқарған Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Михаил Ефремов жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Lada автокөлігін соққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874754-azyrak-isu-kerek-efremov-tergeu-izolatorynan-hat-zazdy.html