RU

Дауға айналған "Көк-Жайлау" жері мемлекет меншігіне өтетін болды

табиғат
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көк-Жайлау курорттық аймағында құрылыс салу үшін алынған жерлер жеңілдетілген тәртіппен Іле-Алатау ұлттық паркіне қайтарылады. Сенаторлар тиісті заң жобасын қабылдады. Құжат қол қою үшін мемлекет басшысына жіберілді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұндай норма ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң жобасында белгіленген.

Құжат туризм объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын салу және пайдалану үшін олардан бұрын алынған резервтік жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қайтару процедураларын жеңілдетеді.

Мұндай жерлерді беру туралы шешімді үкімет немесе жергілікті әкімдіктер республикалық немесе жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына байланысты қабылдайды.

Заң жобасын қабылдау табиғи кешендер мен табиғи-қорық нысандарының және қайтарылған жер учаскелерінің ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи, мәдени және рекреациялық құндылығын сақтауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сонымен қатар жаңа заң жобасы экологиялық туризмді дамытуға және табиғатты қорғау мекемелерінің жеке қаражатын көбейтуге ықпал етеді.

Палата спикері қабылданған заң қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді, соның ішінде Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жерлерін қорғау мәселесін оң шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еске сала кетейік, кеше мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева қазақстандықтарға жаппай вакцина салуды ұсынған еді.

Сондай-ақ, депутат Айдос Қоңыров карантин кезінде табысынан айырылған қазақстандықтардың несиесін кешіруді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874762-dauga-ajnalgan-kk-zajlau-zeri-memleket-mensigine-tetin-boldy.html