RU

Ақтөбедегі абақтыға телефонды бауырсаққа жасырып кіргізбек болған

ФОто
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбеде қаласындағы абақтыға телефонды бауырсаққа жасырып кіргізбек болғандардың әрекеті әшкере болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

КА-168/1 тергеу изоляторының күзет қызметкерлері сәлемдемелердің арасынан ұялы телефон тәркіледі.

Белгілі болғандай, 24 жастағы ақтөбелік тұрғын есірткі саудасына қатысты жазасын өтеп отырған ағасына тыйым салынған затты жасырын жеткізбек болған.

"Сәлемдемелерді тексеру кезінде бауырсақтың ішінен фальга қағазына оралған "Nokia шағын телефоны тәркіледі. Азамат С. М. өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материал Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды",-деп хабарлайды Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Жазалау мекемесінің мәліметінше, мекемеге ұялы телефон алып кірмек болған азамат 1 жыл бойы мекемеге кездесуге келу құқығынан айырылады.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды интимді видеомен бопсалаған күдіктінің ұсталғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ Қостанайда кәмелет жасқа толмаған баланы әлеуметтік желі арқылы бопсалаған алаяқтың қолға түскенін жазған болтаныбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874771-aktbedegi-abaktyga-telefondy-bauyrsakka-zasyryp-kirgizbek-bolgan.html