Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оңайға соқпады": Алматыда туғанына бір ай толмаған нәрестеге ота жасалды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Pexels.com

Алматыдағы №1 балалар клиникалық ауруханасында туғанына әлі бір ай толмаған сәбиге күрделі ота жасалды. Туа бітті асқазан қақпалық бөлігінің тарылуынан кішкентай Аяла анасымен бірге ауруханаға түскен болатын. Бүгінде ота сәтті өтіп, кішкентай нәресте өз үйіне оралды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аяланың анасы Шырын Кубашева сәбиден ауру белгілері байқалған бойда дәрігерлер көмегіне жүгінген. Ақ халаттылардың дер кезінде диагноз қойып, жедел қимылдауының арқасында кішкентай Аялаға лазерлі әдіспен ота жасалды.

Отаны қаладағы №1 балалар клиникалық ауруханасы, 5-і хирургиялық бөлім басшысы Ерлан Жүсіпбеков сәтті жасап шықты.

"Туа бітті асқазан қақпалық бөлігінің тарылуы бала өмірге келген соң алғашқы айларда байқалатын дерт. Мұны дер кезінде анықтап, ота жасайтын болса, бала өміріне айтарлықтай қауіп төндірмейді. Алайда, кішкентай сәби үшін кез келген отаның оңай соқпайтыны анық. Біз нәрестеге лапароскопиялық әдіспен, төрт жерінен тесіп ота жасап, асқазан-ішек жолдарын қалыпқа келтірдік. Бүгінде сәбидің денсаулығы жақсы, анасымен бірге үйіне шықты", - дейді жоғары санатты хирург Ерлан Абдрамбекұлы.

"Қызым әлі қырқынан да шыққан жоқ. Отыз күнге аурухана қабырғасында толдық. Осындай қиын сәтте көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысым зор", - дейді сәбидің анасы Шырын.

Айта кетелік, мұндай дерт 2009 жылғы дерек бойынша 1000 баланың екі-үшеуінде кездеседі. Қыздарға қарағанда, асқазан қақпалық бөлігінің тарылуымен ер балалар 4 есе көп ауырады. Бұл сырқат тұқым қуалаушылық арқылы да берілуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874776-oajga-sokpady-almatyda-tuganyna-bir-aj-tolmagan-nrestege-ota-zasaldy/

pixel