Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең қысқа бойлы автобус жүргізушісін білесіз бе (фото)

Опубликовано:

Фрэнк
Фото: PA

57 жастағы Ұлыбритания тұрғыны әлемдегі ең қысқа бойлы автобус жүргізушісі ретінде рекорд орнатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фрэнк Фэйк Хашем есімді Хэмпшир тұрғынының бойы небәрі 136,2 сантиметр деп жазады Daily Star басылымы.

Аласа бойына қарамастан, ер адам 20 жыл бойы көлік басқарып келеді. Жеңіл көлікті қойып, қоғамдық көлікті айдауға көшкен азамат әлемдік рекорд орнатты.

Фрэнк
Фото: PA

Фрэнк Хашем - "әлемдегі ең аласа бойлы автобус жүргізушісі" деп танылды.

Белгілі болғандай, Фрэнк 2017 жылдан бастап қоғамдық көлікті басқару құқығына ие болған екен.

Ең қызығы, ер адамға автобус басқару үшін арнайы құрылғының да қажеті болмай шықты. Ол тек жолға шықпас бұрын орындығы мен автобус рөлінің биіктігін өз деңгейіне келтіріп, реттеп алады екен.

Фрэнк
Фото: PA
"Фрэнк түрлі адамдармен қауышып, қоғамға пайдасын тигізгенді ұнатады. Коронавирус індетінде жұмысын тоқтатпаған азамат өз жұмысын ерекше мақтан тұтады", - дейді Гиннес рекордтар кітабының өкілі.

Фрэнк Хашем коронавирус кезінде мүлде демалыс алмаған екен.

Еске салсақ, бұған дейін біз 13 жасар баланың кейпінде қалып қойған 32 жастағы ер адам мұңын шаққаннын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, тастай мұздың ішінде екі сағат бойы жалаңаш отырған спортшы рекорд орнатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1874779-lemdegi-e-kyska-bojly-avtobus-zrgizusisin-bilesiz-be-foto/

pixel