RU

"Айнымай қалған": Тұрсынбек Қабатовтың анасы мен келіншегі елді тәнті етті (фото)

Мөлдір Мұқанова енесімен
Фото: Instagram/moldir.mt

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары желіде аса ерекше суретімен бөлісіп, көпшілік жүрегін елжіретті. Мөлдір Мұқанова әдеттегідей жұлдызды жолдасымен емес, өзінің енесімен түскен фотоны жариялаған. Желі қолданушылары бірауыздан енесі мен келінінің өзара қатты ұқсайтынын айтып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Мұқанова күйеуінің анасымен түскен суретін өзінің Instagram парақшасы арқылы жұрт назарына ұсынған. Фотода Қабатовтың келіншегі енесінің касында жатқанын көруге болады.

Әзілкештің анасы мен әйелі қалың көпшілікке өзара қатты ұқсас көрінген. Олар аталмыш жазба астына бірден пікірлерін қарша жаудырып, қызу талқы ұйымдастырды. Олардың басым көпшілігі енесі мен келінінің бір-бірінен айнымай қалғанын жазды.

Кейбір желі қолданушылары оларды тіптен қызы мен анасы деп ойлап қалғанын жасырмады.

"Қалай қатты ұқсайсыздар. Мен сіздің туған анаңыз деп қалдым" , "Тұрсынбек те анасына қатты ұқсайды екен" , "Айнымай қалғансыздар ғой" , "Келін ене топырағынан деп бекер айтылмаған. Қатты ұқсайсыздар" , "Осындай келіндерден айналып кетемін. Енелерін өз анасындай жақсы көріп, сыйласып тұратыны жүрекке жылу сыйлайды" , "Анаңыз екен деп қалдым. Туған қызындай болып тұрсыз" , "Аналарыңыз орталарыңызда жасап жүре берсін" , - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Сатыбалдының жары, актриса Назгүл Қарабалинаның енесіне еркелеп отырған видеосы тарап кеткен болатын. Енесі мен келінің ерекше сәті көпшілікті тәнті етіп, халықтың жылы лебіздеріне ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874780-ajnymaj-kalgan-trsynbek-kabatovty-anasy-men-kelinsegi-eldi-tnti-etti-foto.html