RU

Павлодарда ер адамды көлігінің ішінде атып кетті

қару
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодардағы Жаңа ауыл ауылындағы базалардың бірінен 27 жастағы ер адамның денесі табылды. Кісі өлтірген күдікті қолға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, 16 қыркүйекте сағат кешкі 10-да оқ жарақатын алған ер адамды Audi A6 автокөлігінің салонынан тауып алған.

Кейінірек, полиция күдіктіні тұтқындап, одан қару алынған. Қазір "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні Павлодардағы уақытша үстау изоляторына қамауға алған.

Тергеудің құпиялылығына сүйенген құқық қорғау органдарының қызметкерлері басқа ақпарат таратқан жоқ.

Еске сала кетсек, Павлодар облысында "Учаске" операциясы басталды. Соның арқасында бес жылдан бері іздеуде жүрген адам табылған.

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы қыркүйектің жетісінен 1 желтоқсанға дейін өткізіледі.

ПД баспасөз қызметінің ақпаратынша, аталмыш операцияның арқасында Ленин кентіндегі көші-қон қызметінің қызметкерлері 2015 жылдан бері іздестіріліп жүрген 40 жастағы ер адам табылған. Оған сот орындаушысына келу туралы түсініктеме мен міндеттеме берілген.

Айта кетейік, Алматы облысында көпірден секірмек болған 42 жастағы ер адамды полицейлер құтқарып қалған еді.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда дүкендерде жаппай ұрлық жасады деген күдікпен апалы-сіңлілі қыздар ұсталғаны хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874789-pavlodarda-er-adamdy-kligini-isinde-atyp-ketti.html