RU

Айгүл Иманбаева өзін түрлі образдары үшін сынға алған көпшілікке жауап берді

Айгүл Иманбаева
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өзінің сахналық образдарын жиі сынап отыратын оқырмандарына шүйлікті. Шоу-бизнес жұлдызы өнер саласында еңбек еткендіктен күн сайын жаңа рөлдерді сомдап, алуан түрлі кейіпке енетінін түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында ғана жеке өмірі қызу талқыға түскен Айгүл Иманбаева енді өзін желіде сынап жататын адамдарға жауап беруді жөн көрді. Өнер иесі Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, өнерді өнер деп қабылдауға шақырды.

Актрисаның сөзінше, ол ел алдында өзін жасанды әдемі көрсетуге ешқашан талпынбаған.

"Мен әртіспін! Сондықтан мені әртүрлі образда,бояумен бояусыз , кино, театр, эстрада, телевидениеде көргенде "ойбай"деудің өзі артық. Ол менің мамандығым. Өнерді өнер деп қабылдау көзі ашық,өрелі адамның ісі. Мен ешуақытта жасанды әдемі көрінуге, болмаса тек сұлу фотоларды ғана салуға тырысқан адам емеспін. Мен оқырмандарыма әртүрлі образдағы фото, видеоларымды ұсынғанды жақсы көремін. Сол үшінде мен әртіспін! Ал өмірдегі Айгүлдің жан дүниесін білетін,көретін адам онсызда көреді" , - деп ағынан жарылды Айгүл Иманбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева бейтаныс азаматпен түскен фотосын жариялап, желіні шулатты. Көпшілік өнер иесінің суретін қызу талқылап, оның жақын арада тұрмысқа шығатынын болжап тастады. Алайда, бірнеше күн бойы бұл мәселеге қатысты үнсіздік сақтаған өнер иесі ақыры мән-жайды айтып, қауесеттерге нүкте қойды. Оның қасындағы ер адам әріптесі болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874805-ajgl-imanbaeva-zin-trli-obrazdary-sin-synga-algan-kpsilikke-zauap-berdi.html