RU

Көкшетауда құрылысшы салынып жатқан үйдің алтыншы қабатынан құлап кетті

құрылыс
Көрнекі фото: astana.gov.kz

Көкшетауда салынып жатқан үйдің алтыншы қабатынан құлап кеткен ер адам қайтыс болды. Дерек бойынша тексеріс басталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы оқиға жеке құрылыс салушы нысанда болған. 16 қыркүйекте алтыншы қабаттан 54 жастағы құрылысшы құлап, жан тапсырған.

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем көлігі жеткен.

Ақмола облысы еңбек инспекциясы басқармасының өкілі Ерік Ерсалдиннің хабарлауынша, өндірістегі қайғылы жағдайға байланысты тексеріс басталған.

Нысан иелерінің сөзінше, құрылысшылар алтыншы қабатқа көтерілгенімен, онда жұмыс істемеген. Тек құрал-жабдықтарды жинаған. Марқұмның биіктіктен қалай құлағанын ешкім байқамаған. Бұл факт жан-жақты тексерілетін болады.

Еске сала кетсек, Павлодардағы Жаңа ауыл ауылындағы базалардың бірінен 27 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарладық.

Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, 16 қыркүйекте сағат кешкі 10-да оқ жарақатын алған ер адамды Audi A6 автокөлігінің салонынан тауып алған.

Кейінірек, полиция күдіктіні қолға түсіп, одан қару алынған. Қазір "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Айта кетсек, Павлодар облысында "Учаске" операциясы басталды. Соның арқасында бес жылдан бері іздеуде жүрген адам табылған.

Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы қыркүйектің жетісінен 1 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874808-kksetauda-krylyssy-salynyp-zatkan-jdi-altynsy-kabatynan-klap-ketti.html