Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббаттың арқасы: COVID-19 жұқтырған 93 жастағы ер адам мен 83 жастағы әйелі ауруды жеңді

Опубликовано:

Али мен
Әли мен Хадидат. Фото: "КП"

Дағыстанда 93 жастағы қария коронавирус жұқтырған әйелін көру үшін күнде кездесуге барып жүрген. Ер адамның бұл әрекеті ақ халаттылардың жүрегін елжіретті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Махачкала қаласындағы № 1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Исрафил Исрафиловтың "КП" басылымына айтуынша, ерлі-зайыптылар ауруханаға коронавирус диагнозымен түскен.

Дәрігер қарияларға ауру ауыр әсер етіп жатқандықтан, олар жансақтау бөліміне жиі жатқызылатынын айтты.

Аурухана ішінен шыға алмайтындарын түсінген 93 жастағы Әли мен 83 жастағы Хадидат екеуі екі палатада жатса да, бар уақыттарын бірге өткізуге шешім қабылдапты.

Ер адам әйеліне күн сайын кездесуге келіп отырған. Хадидат ері келгенде орнынан көтеріліп, күйеуінің қолынан ұстап, бір-біріне ұзақ қарап отырыпты.

Қос ғашықты қайтадан қауыштырғысы келген дәрігерлер сауықтыру процесін барынша жылдамдатқан.

Сөйтіп олардың коронавирусқа тапсырған соңғы сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Осылайша, Әли мен Хадидат мабаттары мен дәрігерлердің арқасында ауруды бірге жеңіп, үйлеріне шыққан.

Ерлі-зайыптыларды ауруханадан шығаруға тек туыстары ғана емес, пациенттер мен аурухананың медициналық қызметкерлері де қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлемдегі ең қарт ерлі-зайыптылар 79 жыл жұптары жазылмауының құпиясымен бөліскен еді.

Сондай-ақ, коронавирустың салдарынан шекара асуға мүмкіндігі болмаған жас жұбайлар тойын дәл екі ел тоғысқан сызықтың бойында жасағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1874814-mahabbatty-arkasy-covid-19-zktyrgan-93-zastagy-er-adam-men-83-zastagy-jeli-aurudy-zedi/

pixel