RU

330 млн теңгеге орнатылған аттракцион ісі: Қала әкімі Бақытжан Ғаязовтан жауап алынды

Ғаязов
Бақытжан Ғаязов. Фото: kostanaytany.kz

Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов шуға айналған 330 млн теңгелік шолу дөңгелегіне қатысты іске куәгер ретінде жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

2019 жылы 14 мамырда 330 млн теңгеге орнатылған айналаны шолу дөңгелегінің кабиналарының кері аударылып тұрған видеосы шыққан еді. 

Бұл кадрлар әлеуметтік желіде резонанс туғызып, тіпті қалалықтар қымбат аттракционның салынуына қарсы болғандарын айтты.

Әкімдік аттракционның құрылысы кезінде ақаулар болғанын мойындап, оны жауып тастаған болатын.

Қазір №2 сотта даулы шолу дөңгелегіне қатысты сот ісі өтіп жатыр.

16 қыркүйекте қылмыстық істер сотында жұмыс ауырлығына байланысты процеске қатысу мүмкін емес деген жазбаша мәлімдемесіне қарамастан Рудный әкімі Бақытжан Ғаязовтан жауап алынды.

Бұл әкімнің көп уақытын алмаған. Айыпталушылар мен олардың өкілдері әкімге мүлдем сауал қоймаған.

Прокурор Ғаязовқа атышулы шолу дөңгелегі туралы білесіз бе деген сұрақ қойды. Ал әкім "Маған не белгілі? Дөңгелектің сапасыз жөнделгені туралы БАҚ-тан білдім, сол кезде ғана білдім, бұл шамамен мамырда болған", - деді ол.

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы әкімнен жобамен қол астындағылардың қайсысы айналысқанын сұрады.

"Мұнымен біздің 18 мемлекеттік мекеменің бірі айналысты. Тілеуовтың жетекшілігіндегі құрылыс бөлімі", - деді қала басшысы. Ғаязовтың айтуынша, ол Тілеуовпен де, айыпталушылар қатарында жоқ мердігер фирманың директоры Дихаевпен де тікелей тілдеспен.

Сондай-ақ әкім қаланы аралаған кезде салынып жатқан аттракционға бір-екі рет қана барғанын айтты.

Еске сала кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аттракцион салу кезінде ұрланған ақшаның болжалды сомасын жариялаған еді.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 160 млн теңге қолды болуы мүмкін. Тергеудің дерегінше, ақшаны жергілікті шенеунік, яғни қаланың құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы ұрлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874823-330-mln-tegege-ornatylgan-attrakcion-isi-kala-kimi-bakytzan-gaazovtan-zauap-alyndy.html