Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы арбатта пакеттерден жасалған сурет жұртты таңғалдыды (фото)

Опубликовано:

сурет Арбат Астана 1
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оңстүстік астананың Жібек Жолы даңғылындағы Арбатта полиэтилен пакеттерінен жасалған сурет пайда болды. "Астана аспанының астында" атты туындыны жасап шығуға бірнеше мың пакет жұмсалған. Оның авторы – алматылық суретші Сәуле Сүлейменова деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сурет Жібек Жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысында тұр. Алматылықтар оған ерекше назар аударып, суреттің пакеттерден жасалғанына таңғалуда. Көбісі ерекше өнер туындысын фото және видеоға түсіріп, онымен селфи жасауда.

сурет Арбат Астана 2
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Суреттің авторы елордадағы қоқыс мәселесіне назар аударғысы келгенін жеткізді.

Еліміздің экологиялық ұйымдар қауымдастығы ұйымдастырған StopMusor акциясы аясында қазақстандықтар алты мыңнан астам пакет жинапты. Кейіннен олар аталған суретті салуға қолданылған.

сурет Арбат Астана 3
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сәуле пакеттерді түсі бойынша мұқият іріктеп, поликарбонаттың үлкен парағына желіммен жабыстырған. Қолданылмаған пакеттер қайта өңдеуге жіберілді.

сурет Арбат Астана 4
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Суретті жасап шығуға бірнеше күн кеткен: эскизді дайындауға үш күн және жұмысқа үш күн жұмсалған.

сурет Арбат Астана 5
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында белгілі журналист Бейсен Құранбектің құрметіне арнап мұрал салынғанын хабарлаған болатынбыз. Марқұм тележүргізушінің суреті өзі бірнеше жыл бойы жұмыс істеген "Жетісу" телеарнасының қасында пайда болды.

Оған қоса, Бейсен Құранбектің муралында "Қарекет ет, батырым" деп жазылып тұр. Белгілі болғандай, Ысқабай түсірген фотоны ғимаратқа Бекболат Кеңесов түсірген.

Сондай-ақ, Қазақстанда алғаш рет Абай Құнанбаевтың "Қара сөздері" кітабы балалар суреттерімен безендіріліп қайта басылып шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874833-almatydagy-arbatta-paketterden-zasalgan-suret-zrtty-tagaldydy-foto/

pixel