RU

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында тексеру жүргізіліп жатыр ма

Қамалжан Надыров
Фото: toppress.kz

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров бүгін онлайн-брифинг барысында ведомствода тексеру жүргізіліп жатыр деген қауесетке түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Надыров журналистің құқық қорғау органдарының қызметкерлері коронавируспен күресуге бөлінген қаражаттың пайдаланылуына қатысты тексеру жүргізіп жатқаны туралы сұрағына жауап қатты. Сондай-ақ, ол ведомство қызметкерлерінің біріне қатысты қылмыстық іс жүргізіліп жатыр деген ақпаратқа түсініктеме берді.

Надыров СOVID-19-бен күресуге бөлінген бюджет қаражатының шығындарын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын растады.

"Қылмыстық іс қозғалғанына қатысты мен түсінік бере алмаймын. Бұл сұрақты тиісті органдарға қою керек.

Басқармадағы жұмыс штаттық режимде жүргізілуде, жұмысқа қатысты ешқандай санкция жоқ. Қалыпты жұмыс процесі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бюджет қаражатының дұрыс жұмсалуын қадағалау және бақылау бойынша өз жұмыстарын атқаруда, ал біз өз жұмысымызды атқарудамыз", - деді Қамалжан Надыров.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйектегі статистикалық мәліметке сәйкес, Қазақстанда КВИ мен пневмония салдарынан болған тағы сегіз өлім оқиғасы тіркелді. Бес науқас коронавирустан көз жұмса, қалған үшеуі коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болған.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы тағы 72 адамнан анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874835-almaty-kogamdyk-densaulyk-saktau-baskarmasynda-tekseru-zrgizilip-zatyr-ma.html