RU

COVID-19-бен ауырған науқасар басқалар үшін қанша уақыт қауіпті болады

індет
Көрнекі фото: pixabay.com

COVID-19-бен ауырғандар бір айдан кейін басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Бұл туралы ресейлік маман мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері Анатолий Альтштейн "Известия" басылымына сұқбат берді. Өз сөзінде маман коронавируспен ауырған адамнан вирусты үш-төрт аптадан кейін жұқтыруға болатынын айтты.

"Бұл мерзім эпидемияға қарсы шаралардың негізі ретінде қабылданды", - деп түсіндірді вирусолог.

Ол бұған дейін COVID-19-бен ауырған адамдарға өзгелер секілді ережелерді ұстануға кеңес берді, өйткені иммунитеттің өзін әлі қалай ұстайтыны белгісіз.

Бұған дейін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералды қызмет басшысы Анна Попова науқас адамнан COVID-19-ды үш ай бойы жұқтырып алуға болатынын алға тартқан еді.

Альтштейннің айтуынша, бұл - өте сирек кездесетін жағдай.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйектегі статистикалық мәліметке сәйкес, Қазақстанда КВИ мен пневмония салдарынан болған тағы сегіз өлім оқиғасы тіркелді. Бес науқас коронавирустан көз жұмса, қалған үшеуі коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болған.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы тағы 72 адамнан анықталды.

Сондай-ақ, айта кету керек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың екінші толқыны біріншісіне қарағанда ауыр болуы мүмкін деген болжам жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874846-covid-19-ben-auyrgan-naukasty-baskalar-sin-kansa-uakyt-kauipti-bolatyny-belgili-boldy.html