RU

2024 жылға дейін Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

2024 жылдың соңына қарай Қазақстандағы 30-ға жуық жол магистральдары ақылы болады. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ақша төлеуге тура келетін жол учаскелерінің толық тізімін ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, жолдарды ақылы ету кезең-кезеңмен 2024 жылға дейін жоспарланған.

2021 жылы келесі автожоладарды ақылы ету жоспарланған:

Орал - РФ шекарасымен шектесетін жол (Саратов), Қапшағай - Талдықорған, Тараз - Қайнар, Қызылорда - Шымкент - Тараз, Шымкент - Өзбекстан шекарасымен шектесетін жол, РФ шекарасымен шектесетін жол (Орынбор) - Ақтөбе-Қызылорда, Ақтөбе - Орал - РФ шекарасымен шектесетін жол (Самара), Павлодар - РФ шекарасымен шектесетін жол (Омбы), Нұр-Сұлтан - Қостанай - РФ шекарасымен шектесетін жол (Троицк), Ақтау - Бейнеу, Атырау - Доссор - Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасымен шектесетін жол, Нұр - Сұлтан - Павлодар, Павлодар - Семей - Қалбатау.

2022 жылы келесі учаскелер ақылы болады:

Петропавл - РФ шекарасымен шектесетін жол (Курган), Теміртау - Қарағанды, Қарағанды облысы, Щучинск - Зеренді, Таскескен - Бақты, Жетібай - Жаңаөзен.

2023 жылы келесі учаскелер ақылы болады:

Күрті - Бурылбайтал, Үшарал - Достық, Қарабұтақ - Рудный - Қостанай, Ұзынағаш - Отар.

2024 жылы келесі учаскелер ақылы болады:

Қарағанды ​​- Балқаш, Балқаш - Бурылбайтал, Күрті - Қапшағай, Талдықорған - Өскемен, Қалбатау - Майқапшағай, Мерке - Бурылбайтал, Атырау - Орал, Ақтөбе - Қандыағаш - Мақат - Доссор, Атырау - РФ шекарасымен шектесетін жол (Астрахан), Подстепное - Федоровка - РФ шекарасымен шектесетін жол.

Естеріңізге сала кетейік, қарашадан бастап Шымкент-Жібек жолы тас жолында жүру ақылы болмақ екенін хабарлаған едік. Әзірге терминалы бар үш арка сынақ режимінде жұмыс істейді. Төлем тек жүк көлік жүргізушілерінен алынады.

Сондай-ақ, айта кетсек, елімізде ақылы автожолдар жүйесі оларды жөндеу және күтіп ұстау шығындарын өтеу мақсатында құрылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874854-2024-zylga-dejin-kazakstanda-kandaj-zoldar-akyly-bolady.html